С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары Қоңыр әулие үңгірін жаңғырту бойынша жобаны әзірледі, ол қасиетті аумақты жарықтандыру үшін күн панелдерін орнату жұмыстарын қамтиды.

Әзірлеушілердің айтуынша, жүйе қозғалыс бергіші мен кіріктірілген аккумуляторы бар бірнеше шамдар болып табылады, олар үңгірдің ішінде табиғилықты сақтау мақсатында орнатылады. Шам орнату түнгі уақытта үңгірде туристердің қауіпсіздігін сақтап қана қоймай, жаңа келушілерді де тартуға мүмкіндік береді.