С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткен аптада бастау алған Ertis-Arbat жобасы жалғасын табуда.

Осы бейсенбі күні жоба шеңберінде open факультет - гуманитарлық-педагогикалық факультет деканының күні өтті. Келген азаматтардың барлығы жанды музыка тыңдап, палаудан дәм татты. Көңіл-күйлерін көтеріп, ерекше форматтағы кешті тамашалады.

Көрермендер алдында Павлодар эстрадасының жұлдызы Нұрлан Есенбаев, Aman және өзге әншілер ән шырқады. Орындаушылық өнер кафедрасының студенттері кеңестік әндерден поппури орындап, жиналғандардың көңілінен шықты.