Саясаттану және зоотехнологиялар, генетика және селекция кафедраларының түлектері кафедралардың филиалдары мен тәжірибелік базаларда дипломдық және диссертициялық жұмыстарын қорғады. Шаралар «Қызылжар Құс» ЖШС мен «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында өтті.

Бұл дипломдқы жұмыстардың негізгі ерекшелігі олардың тәжірибеге бағытталғандығында. Әр зерттеу белгілі бір кәсіпорынның мәселелерін шешуге бағытталған.

Студенттердің қорытынды жұмыстарын бағалауға жұмыс берушілер де қатысты.

Кездесу соңында меймандарға кәсіпорындар бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды.