С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің аумағында Ertis-Arbat өз жұмысын бастады.

Талапкерлер, олардың ата-аналары, қала тұрғындары және барлық тілек білдірушілер жанды дауыстағы әндерді тыңдап, оларға баға бере алды.

Көрермендер «Mad sound» тобының музыканттарымен танысты, алда оларды әлі де талай қызықтар күтіп тұр.

«Дос-Мұқасан» вокалды аспаптар ансамблінің шығармашылығына арналған аллеяда жастар ұйымдары мен ПМУ факультеттерінің өкілдері, музыкалық топтар, суретшілер және талантты жас балалар өз шығармашылығын ашық алаң түрінде таныстырды, сондай-ақ университет туралы әңгімеледі.

Біз бәрін Ertis-Arbat алаңында күтеміз.