С. Торайғыров атындағы ПМУ-де металлургия кафедрасының ұйымдастыруымен алюминий кластері кәсіпорындарының апталығы өтті.

«Қазақстан алюминийі» АҚ-ның цех бастығы Ерғанат Хұсайынов, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ цех бастығының орынбасары Ермек Наурызбаев, «Вектор Павлодар» ЖШС-нің директоры Прокопий Кутькин бір апта бойы студенттерге дәріс оқыды.

Дәрістерде өндіріс технологиясы, дипломдық жобаларды жазу, өндірістік тәжірибеден өті, жұмысқа орналасу мәселелері де талқыланды.

Металлургия кафедрасының меңгерушісі. т.ғ.к., профессор Мерхат Сүйіндіковтің айтуынша, алюминий кластерінің дамуы Ертіс өңірінде металлургиялық ғылым мен білім дамуының негізі, ал әріптестерді даярлау түлектердің жұмыс берушілердің талабын орындауға сеп болмақ.

Кафедра алдағы уақытта Қазақстандағы глинозем өндіретін ара кәсіпорындармен байланысты нығайта түспек. Сонымен қатар, бастапқы алюминий шығаратын «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-мен әріптестік орнатпақ. «Павлодар» арнайы экономикалық аймақ құрамындағы қоспалы алюминий шығаратын «GissenHaus» ЖШС мен алюминийден жасалған көлік дискілерін өндіретін «Вектор Павлодар» ЖШС-мен екіжақты диалог орнатпақ.