С. Торайғыров атындағы ПМУ орыс филологиясы кафедрасының профессоры Тина Маняпова мен АІ-201 тобының студені Аяулым Мұқатаева Носовібір қаласында өткен «ХХІ ғасыр студенті: диалог, өзірі түсіністік, толеренттық» атты ІІІ халықаралық студенттер форумына қатысты. Новосібір мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің 90 жылдық мерейтойв аясында ұйымдастырылған шараға шетелдік бакалаврлар, магистранттар мен аспиранттар қатысты.

Шарада Ресей, Вьетнам, Замбия, Үндістан, Қазақстан, Сербия, Камбоджа, Қытай, Корея, Сербия, АҚШ, Швейцария және басқа елдердің студенттері бас қосты.

Жас ғалымдар пәнаралық синтез форматы бағытындағы (әлеуметтік лингивистика, лингвистикалық мәдениеттану және этнолингвистика) зерттеу жұмыстарын таныстырды. Бірқатар елдің экономикалық мәселелері, менеджмент пен маркенитнттік старетгиялары мен коммуникациялары, сонымен қатар, ұлтаралық қарым-қатынас сұрақтары турасында әңгіме қозғалды.

Тина Маняпова өз сөзінде ғылыми және шығармашылық қызметтің түрлі бағыттында толеранттылыққа үйрену аса маңызды екенін жеткізді.

«Өз мәдениетінің құндылығын түсіндіру, білімді болу және өзге халықтардың мәдениетін құрметтеу, ашықтық, өз ойыңды қысылмай жеткізу, қарым-қатынас орнатуға тіл таңдау еркіндігі - бұл фестивальдің табысты өтуіне әсер ететін негізгі факторлар. Оның мақсаты толерантты көптілді ортада көптілді білім беру мәселелерін шешуді көздейді», - дейді Т. Маняпова.

Бұл идеялар Аяулым Мұқатаеваның баяндамасына арқау болды. Студент Қазақстанда көптілді білім беру ортасында толеранттылықтың даму мәселесін қарастырды.

Ауқымды форум «Сібір көктемі» фестивалімен тәмамдалды. Шараға қатысушылар шығармашылық жұмыстарын таныстырып, ұлттық өнерлерін паш етті.

Айта кетерлігі, тіл пәндері оқытушыларымен ортақ жұмыс жасаудың бағыттары белгіленді. Тарқатып айтар болсақ, инновациялық оқу бағдарламалары бойынша халықаралық форумдар, пәндік салаларда біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру тетіктері қарастырылды. Сонымен қатар, оқу бағдарламалары шеңберінде крустар өткізіп, пәндерді бірлесіп әзірлеу, онлайн режимде дәрістер, тәжірибелер, стажировкалар, ортақ зерттеулер жүргізу бойынша ортақ жұмыстар жүрігізілмек.