С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Отан қорғаушы күніне орай салтанатты жиын өтті.

Мерекелік концертті жоғары оқу орны әскери кафедрасының студенттері ашып, сап түзеді. Шеберліктерін де ортаға салды. Университеттің нәзік жанды қызметкерлері мерекелік бағдарлама әзірлеп, ерлер қауымына тосынсый жасады.

Қыздар қауымы ән мен биден шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.