Мемлекеттік басқару саласы сан алуан, олардың әрқайсымы белгілі бір салаға жауап береді. Экономикалық даму, аулы шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорға ужәне т.б. Әкімшілік мемлекеттік қызметшіні мансабы жинақталған тәжірибе мен құзыреттілігі есебінен құрылады.

Бүгін ПМУ студенттері жекелеген орындарда Qr-код -тың көмегімен мемлекеттік қызмет саласына қатысты қызықтырған ақпараттарын ала алады. Мәселен, оларды қызметке іріктеу кезеңі, заңнаманы білу, жеке қасиеттері бағалау мәселеері қызықтырды.

Мәселен, мемлекеттік қызметке бірінші рет түсу үшін мемлекеттік тіл мен ҚР-ның заңнамасын білу бойынша тестілеу тапсыру керек. Заңнаманы білу бойынша үміткерлерді тестілеу орталық мемлекеттік органдар және ЖАО қызметкерлері, ОМО және ЖАО қызметкрелері үшін үш бағдарламадан тұрады. Сонымен қатар, аудандық және ауылдық деңгейдегі мамандарға арналған.

Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалау тестілеу түрінде өтеді. Тестілеуге веб-порталы egov.kz ХҚКО арқылы жазылуға болады.

Еске сала кетсек, мемлекеттік қызметк етүсетін тұлғалардың ҚР-ның азаматтығы боулы керек, жасы 18-ден кем емес. Сонымен қатар, біліктілік талаптары бойынаш бекітілген тиісті білімі болуы қажет.