26 сәуірде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің концерттік залында алдағы сайлауға «Nur Оtаn» партиясы атынан қатысатын үміткерді қолдау мақсатында студенттік жастар форумы өтті.

Форумға студенттер, жастар ұйымдарының белсенділері, декандар мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Қатысушылар алдында сөз алған ПМУ даму стратегиясы, тәрбие ісі және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, саяс.ғ.д. Арман Ақышев 9-шы маусымда өтетін президент сайлауы Қазақстанның алдағы даму бағытын айқындайды.

«Президент сайлауы - демократиялық дамуымыздың іргетасы, негізі. Жастар - ел болашағы, ал студенттер қазаққстандық қоғамның ең белсенді бөлігі. Сіздер, достарыңыз, туыстарыңыз ел болашағын қалыптастыруға тікелей қатысады. Біз таңдайтын кандидат елімізді алға жетелейді, ол жастарды қолдау саясатын дамытуды жалғастырады. Мемлекетіміздің әлемдік үрдістердің бір бөлігі болуы жолында тынымсыз еңбек етеді», - дейді А. Ақышев.

Павлодар облыстық ҚХА жанындағы жастар бірлестіктерін үйлестіру кеңесінің төрағасы, ПМУ Қазақстан тарихы кафедрасының магистранты Рамиль Смаилов:

«Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы - тағдырымыздың өз қолымызда екенін дәлелдейтін шара. Біз дұрыс жолды таңдаймыз. Сайлау күні еліміздің даму қарқынын бағдарлайтын маңызды қадам болмақ. Әрқайсымыз алып механизмнің бір бөлігі екенімізді түсінсек, міндетті түрде дауыс береміз. Әр дауыс пен әр пікір азаматтық қоғамның дамуы, қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті сақтау үшін маңызды», - дейді Рамиль Смаилов.