С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде бастауыш партия ұйымының жиыны өтті.

Шараға жиналған қауым «Nur Otan» партиясының төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен XVIII съезінде айтылған негізгі жобаларды талқылады. Олардың қатарында «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобалар бар.

Шара барысында партияның аумақтық филиалында өтетін конференцияға қатысатын бес делегат сайланды.