Дене шынықтыру және спорт басқармасының меңгерушісі, пед.ғ.к. доцент Юрий Анатольевич Мастобаев 55 жылдығын атап өтті.

Юрий Анатольевич 30 жылға жуық уақытын педагогикалық қызметке арнады. Ғалым - 40-тан астам ғылыми жарияланымдардың авторы. Сонымен қатар, электронды оқу құралының авторлығына куәлігі бар. Юрий Мастобаевтың зерттеулерінің нәтижесі қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындары профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру үрдісіне енгізілді.

Жас ұрпақ тәрбиесі мен білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталды.