С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша білім алушы студенттері «Өз мамандығының үздігі» байқауына қатысты.

Іс-шара «ҚазТрансОйл» АҚ базасында өтті.

Жұмыс мамандықтарының кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында өткізілетін жыл сайынғы байқау тәжірибемен және техникалық идеялармен алмасудың беделді алаңына айналды.

Жарыс бірнеше кезеңде өтті, онда қатысушыларға тек теориялық қана емес, сонымен қатар практикалық дағдыларды да көрсету керек болды.

Кәсіби сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.