С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері республикалық пәндер олимпиадасынан бірнеше бағыт бойынша жүлдегер атанды.

Үздік студенттер әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық универсиетінде бас қосып, бақтарын сынады.

«Мәдениеттану» бағыты бойынша ПМУ-дің намысын философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Аманат» командасы қорғады. Құрамаға PhD докторы, қауымдастырылған профессор Салтанат Әубәкірова жетекшілік етті. Жастар зияткерлік жарыстың үш бірдей турынан сүрінбей өтіп, мәдениеттану теориясы бойынша білімдерін ортаға салды. Стартап жобаларын да таныстырды. Нәтиже - бірінші орын.

Биология және экология кафедрасының «Res Publica» командасы да жақсы нәтиже көрсетті. Құрамаға PhD докторы, аға оқытушы Римма Уәлиева жетекшілік етті. Жиналған ұпай саны бойынша команда екінші орынға ие болды. Жеке есеп бойынша студент Сергей Малахов күміс жүлдегер атанды.

Болашақ психологтардан құралған"Jas Urpaq" құрамасы олимпиадада үшінші орын тұғырынан көрінді. Бұл командаға аға оқытушы Нұрмағамбет Жұмаділов жетекшілік етті. Жеке есепте Томирис Әлиханова екінші орынды жеңіп алды.