Ұлыстың ұлы күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекттік университетінің өкілдері қаланы ңорталық алаңына тақырыптық киіз үйлер тікті. Мерекелік шараларға аймақ басшысы Болат Бақауов қатысты.

Ежелгі метулларгия тақырыбына арналған киіз үйде металлды балқыту пеші орнатылды. Өз ісінің шеберлері қорғасынды балқытып, жебенің ұшы мен тиындарды жасады.

Киіз үйге келгендер Қазақстанның қазіргі және ежелгі металлургиялық кен орындары, сонымен қатар, көшпенділер осыдан бес мың жыл қолданған жәдігерлермен танысты.

Меекелік шаралар ұлттық нашықта өтті. ПМУ студенттері мен оқы тушылары «Сәукеле кигізу» салтын паш етті.