С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Enactus PSU командасының мұрындық болуымен бес жасар Әнуар Абылхасымовың еміне қаржы жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Дәрігерлер оған Вест синдромы мен талма ауры диагнозын қойды. Ауру салдарынан ұл баланың ағзасындағы нейрондардың байланысы бұзылып, дамуына кері әсерін тигізеді.

Жәрмеңкеде түрлі тәттілер мен сусындар, киім-кешектер ман сән бұйымдары сияқты тауарлар сатылымға қойылды. Әр қатысушы қаржы жәшігіне кез келген сомада ақша салып, көмек қолын созды.

Еске салсақ, бұған дейін «La vie Добро» еріктілер отряды 42 мың теңге жинаған. Жәрмеңке қорытындысы бойынша екі күннің ішінде 130 мың теңгеге жуық қаржы жиналып, Әнуардың ата-анасына тарту етіледі.