С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің стратегиялық даму, әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, саясат.ғ.к. Арман Ақышев бастаған делегация Оломоуц қаласындағы Палац университетіне жұмыс сапары барысында академиялық мобильділік бағдарламаларын жүзеге асыру мәселеліне арналған треннигке қатысты.

Кездесу барысында құқықтану, педагогика және жаратылыстану ғылымдары факультеттерінің жетекшіліктері серіктестік бағыттарын кеңейтті. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылармен екіжақты алмастыру, жазғы мектептерді өткізу, сонымен қатар, PhD докторантура бойынша білім алу мәселелері бойынша ынтымақтастық орнады.

Палац университетімен байланыс 2013 жылы орнаған. Осы уақыт аралығында 30-дан астам студент Палац университетінде білім алды, 8 адам ЖОО базасындағы ғылыми тағыылымдамаға қатысты.

2016 жылдан бері «Эразмус+» бағдарламасы бірлесе жүзеге асырылуда. Бағдарлама оқытушылар мен білім алушылардың өзара алмасуына мүмкіндік береді. Осылайша, Палац университетінің 11 оқытушысы ПМУ-де дәріс оқыса, 11 ПМУ ғалымы Чехияда тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, жаратылыстану ғылымдары факультетінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бұрышы ашылды. Шетелдіктер ПМУ-де білім алу тетіктерімен таныса алады.