«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қазақ ұлттық әйелдер педагогикалық университетінде G-global платформасында қыз балаларды ұлттық дәстүр негізінде тәрбиелеу мәселелеріне арналған онлайн-форум өтті.

Конференция жұмысына клубтың Алматы, Астана, Өскемен, Орал және Атырау өңірлеріндегі филиалдарымен қатар, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанындағы «Қыз Жібек» клубының белсенділері қатысты.

Шара барысында қатысушылар клубтың құрылу тарихы, негізгі бағыттары туралы, сонымен қатар, филиалдардың тәжірибелері туралы айтылды. Шара барысында тығыз қарым-қатынас орнату мәселесі кеңінен талқыланды.

Өзара пікір алмасу алаңында бүгінгі заман әйелінің тұлғасы мен мәртебесі: әйел мен дін, салауатты өмір салтын насихаттау, қыз баланың тәрбиесі - ұлт тәрбиесі, сонымен қатар, салт-дәстүрлер тақырыптары талқыланды.

Форум кездесу спикерлері мен қатысушыларын Алғыс хаттармен марапаттау шарасымен аяқталды.