С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде қазақ әдебиетінде роман жанрының негізін қалаушы, көрнекті жазушы, ағартушы Жүсіпбек Аймауытовтың 130 жылдығына арналған «Жүсіпбек - көркем сөздің зергері» атты әдеби кеш өтті.

Шара барысында академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасы қазақ әдебиеті секторының кітапханашысы Әлия Рүстемова жазушының шығармашылығы мен саналы ғұмыры туралы әңгіме өрбітті.

Ж. Аймауытовтың драматургия, қазақ педагогикасы пен психологиясында сіңірген еңбегі орасан. Қазақтың Жүсіпбегі қазақ әдебиетінде көркем аударманың ғылыми негізін қалаған. Ол А. пушкин, Л. Толстой, Шекспирдің шығармаларын қазақша сөйлетті.

Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасы көп жылдар бойы жасырын болғаны тарихтан белгілі. Оның шығармалары 1988 жылы ғана жарық көрді.

Шара аясында жазушының «Ақ білек» романы туралы сөз қозғалды. Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің студенті Айда Бахтияр кеңес билігі кезіндегі қазақ әйелінің таңдыры туралы айтып берді.