Павлодар қаласының ғылыми қауымдастығы дарынды педагогтер мен танымал ғалымдар Рақыш Әмриев пен Раиса Қаржаубаеваның меретойларын атап өтті.

Химия ғылымдарының докторы, профессор Рақыш Әмриев ғұмырының елу жылдан астамын ғылыми қызметке арнаған. Қазақстан Республикасы жаратылыстаны ғылымдары Ұлттық академиясының академигі «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі», халықаралық информатизация академиясының академигі, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің құрметті кафедра меңгерушісі атағына ие.

Танымал ғалымға ҚазКСР ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы, Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгі, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі, С. Торайғыров атындағы алтын медальдер сияқты белгілер тиесілі.

Раиса Оразалықызы Қаржаубаева - металлкесуші станоктар мен құралдар, машинажасау өндірісінің технологиялық дайындығы, детальдердің техникалық өлшемдері мен бұйымдардың өзара алмаусышылығы саласындағы білікті маман, машина жасау және стандарттау кафедрасының аға оқытушысы.

Р. Қаржаубаеваның мерейтойы машина жасау саласында еңбек етіп жүрген мамандар үшін ортақ мереке. Олардың саны жүздеп саналады. Раиса Оразалықызы 50-ден астам ғылыми еңбек жазған.