Академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхананың көркем әдебиет секторында публицист, мысалшы ақын Иван Крыловтың 250 жылдығына арналған әдеби кеш өтті.

Кездесуге жиналған гуманитарлық-педагогикалық факультеттің студенттері жазушының шығармашылығы, өмірі туралы әңгіме өрбітіп, ақынның орыс әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы айтты.

Студенттер қауымы автордың шығармаларын мәнерлеп оқып, әдебиетке деген көзқарастарын білдірді.

«Сатиралық-ағартушылық журналдардың басып шығарушысы И.А. Крылов бай әдеби мұра қалдырды. Тоғыз жинақта 250-ге жуық мысал топтастырылып, шығармалар бүгінгі күні өзектілігін жоғалтпаған. Бұл мысалдардың тереңінде өмірлік тәжірибе мен тәрбие жатыр», - дейді орыс филологиясы кафедрасының студенті Анастасия Никитина.

Әдеби кеш аясында байқаулар мен викторынилар ұйымдастырылды. Шара И. Крыловтың шығармашылығын арқау еткен театралды қойылымға ұласты.