С. Торайғыров атындағы ПМУ мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің студенті Диана Шапенова грэпплинг бойынша іріктеу чемпионатында үшінші орынға ие болды.

Қазақстанның үздік спортшылары Таразда жиналды. 58 келі салмақ дәрежесінде тоғыз мықты белдесті. Д. Шапенова екі қарсыласын жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

Жеңімпаздар осы жылыдң күзінде Астанада өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.