С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жоғары оқу орны ұйымдарының арасында волейболдан турнир өтті.

Мықтылар жарысына алты команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша «Жайдарман» құрамасы чемпион атанды. Екінші орынға №2 студенттік кеңестің спортшылары, ал үшінші орынға «Мұрагер» командасы ие болды.