С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің түлегі Роман Скляр Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.

Р. Склярдың үш мамандық бойынша жоғары білімі бар: «инженер-құрылысшы», «экономист» және «заңгер».

Еңбек жолын 1989 жылы «Экибастузуглеавтоматика» кәсіпорнында слесарь-монтажшы болып бастады. Роман Скляр әр жылдары Павлодар және қалаларының әкімшіліктерінде жұмыс істеді. Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР Инвестиция және даму вице-министрі болды. Қазақстан парламенті Мәжілісі депутаттығына сайланды.

2018 жылы ҚР Инвестиция және даму министрлігінің бірінші вице-министрі болып тағайындалды

2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды.

Роман Скляр «Құрмет» (2010), «Астанаға 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық, ҚХА-ның «Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» қоғамдық медалімен марапатталды.