С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Lavie Добро» еріктілер жасағы Едіге Сұлтанның еміне қаржы жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Дәрігерлер Едігеге сол жанбасы сүйегінің Юинг саркомы диагнозын (қатерлі ісік) қойған. Оған 56 млн. теңге тұратын ота қажет және шетелде емделу керек.

Жәрмеңке барысында тәтті дәмдер, қолданбалы өнер бұйымдары, ойыншықтар, кітаптар мен өзге пайдалы заттар сатылды.

Сонымен қатар, джиу-джитсу академиясының өкілдері арнайы бағдарламасын ұсынды. Спортшылар күрес техикаларын көрсетті.

Шара қорытындысы бойынша 150 мың теңгеден астам қаражат жиналып, Едігенің еміне табысталды.