Жуырда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне 2019-2020 оқу жылының бірінші студенті қабылданды. Ол – Павлодар қаласының № 34 жалпы орта білім беру мектебінің түлегі Сергей Ултсун.

Көптеген мамандықтардың ішінен Сергей юриспруденция мамандығын таңдады.

Жаңа бірінші курс студентіне ПМУ студенттері қатарына қабылдау туралы сертификат және сыйлық табыс етілді.

Айта кету керек, мұндай ерте қабылдау Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудың жаңа ережелерінің арқасында мүмкін болды. Енді ақылы негізде жоғары білім алуға ниет білдірген әрбір талапкер жылына төрт рет ҰБТ-дан өте алады. Грантқа үміткер түлектер тестілеуді тек бір рет – маусым айында, мектепті бітіргеннен кейін тапсырады.