Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Ол мұны кезекті жолдауында да айтты. Яғни ашып айтатын болсақ,Мемлекет басшысының ұсынысымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланды.

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Бүгінгі жастар шығармашылық белсенділікке ие. Ел ертеңi — бiлiмдi жастар. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты.

Біз жастар тарихымызды,Ұлы дала өркениетін шетелге кеңінен насихаттауға мүмкіндік алдық. Осындай мүмкіндіктің арқасында,әр жас буын еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосатынына нық сенімдіміз.

Мугамарова Айдана
Қоюшы режиссёр