С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бірінші курс магистранттары мен докторанттары, сонымен қатар, оқытушылары ғылыми жұмыстардың әдістемесі тақырыбына арналған дәстүрлі семинар-тренингке қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – ғылыми жарияланымдар, диссертациялық жұмыстардың құрылымы жайында түсінік қалыптастырып, жүйелеу. Сонымен қатар, жеке тәжірибелік-зерттеу қызметті жоспарлау туралы ақпарат беру.

Спикер ретінде металлургия кафедрасының қаумыдастырылған профессоры (доцент), т.ғ.к. Алексей Богомолов сөз алды. Маман ғылыми еңбектерді жазу, зерттеу жұмыстарының бағыт-бағдарын таңдау, сонымен қатар, ғылыми жұмыстарға қойылатын қазіргі заман талаптары туралы айтты.