Павлодарда мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер мен аймақтың спорттық өмірін жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы үздік спортшылар, жаттықтырушылар, олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері аталды.

Қатысушыларды Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов құттықтады.

Кездесу барысында спортшылар түрлі наградалармен, соның ішінде «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» куәлігімен және белгісімен, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің студенті Кирилл Тезичев Павлодар облысының олимпиадалық емес спорт түрлерінен үздік спортшысы атанды.