С. Торайғыров атындағы ПМУ-да «Латын әліпбиі – келешектің кілті» атты ақпараттық сағат өткізілді, онда Қазақстанда қазақ әліпбиіне латын графикасын енгізудің өзекті мәселелері талқыланды.

Іс-шараны академик С. Бейсембаев атындағы кітапхана мен қазақ филологиясы кафедрасы бірлесе ұйымдастырды.

– Латын графикасына көшу тек қана ресми іс емес, сонымен қатар, елімізге қазақ тілінің ерекшеліктерін сақтай отырып, ғаламдық кеңістікте жақсы интеграциялануға мүмкіндік беретін қадам болып табылады, – деді филология ғылымдарының докторы, ПМУ профессоры Айтмұхамет Тұрышев.

Айтмұхамет Тұрышевтың сөзінше, осылайша, бұл жастарға тезірек жаңа білім алуға мүмкіндік берудің көкжиегін кеңейтеді.