ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Қазақ тілі және журналистика кафедрасының профессоры, Е.Бекмаханов атындағы өлкенің тарихы және этнографиясы ҒПО аға ғылыми қызметкері Бижан Жұмасейіт «Құрмет» орденімен марапатталды.

Павлодар облыстық теледидарында 30 жылдан астам жұмыс істеген Бижан Жұмасейіт сондай-ақ «Қазақстанның құрметті журналисі» белгісінің, С.Торайғыров атындағы алтын медальдің, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарының және басқа да көптеген марапаттардың иегері.

Айта кетсек, 1993 жылы бекітілген «Құрмет» орденімен экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білімді дамытуға еңбек сіңірген, мемлекеттік органдарда үлгілі қызмет атқарған және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқан азаматтар марапатталады.