С. Торайғыров атындағы ПМУ «La vie Добро» отрядының өкілдері Гарри Поттер стилінде қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.

Бұған дейін «La vie Добро» отрядының еріктілері кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығы мен қарттар үйінде болды. Балалар мен қарттар Аяз атаға хат жазып, тілектерін білдірді.

Отряд жетекшісі Карина Закаринаның айтуынша, жәрмеңкеге қатысқан азаматтар Аяз ата сияқты тілектерді орындау мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде жастар 50 тілекті орындады.

Жәрмеңке барысында жиналған қаражат орталықтағы балаларға көмек ретінде айдарылады.