Белгілі ақын, композитор Естай Беркімбаевтың 150 жылдығына орай "ТҮРКСОЙ" Түркі мәдениеті ұйымы Стамбул мен Анкарада Естай күндерін өткізді.

Павлодар делегациясының құрамында э.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Павлодар облысының құрметті азаматы, ҚР құрметті журналисі Мұхит Омаров баяндама жасады.

– «ТҮРКСОЙ» түркі халықтарының өнері мен мәдениетіндегі жетістіктерін насихаттай отырып, үлкен жұмыс атқарып отыр – деп атап өтті Мұхит Мүрсәліұлы. – Естай Беркімбаевтың шығармашылығы қазақ диаспорасы өкілдерінің ғана емес, өзгелерінің де қызығушылығын тудыратыны бізге қатты әсер етті. Композитор, ақын Естайдың талантын Қазақстаннан тыс жерлер де мойындап отыр.