С. Торайғыров атындағы ПМУ «Жүректен шыққан сырлы сөз» атты поэзия кеші өтті. Шара барысында студенттер өздерінің шығармашылығынан өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Шығармашылық кеш университеттің С. Бейсембаев атындағы кітапханада ұйымдастырылды. Махаббат, өмір, табиғат сұлулығы сияқты тақырыптарда қалам тербеген жас ақындар шығармаларын паш етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, поэзия мен көркем тілге деген сүйіспеншілігін ояту.