С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқу орнының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрам арасында ректор кубогына волейболдан дәстүрлі турнир аяқталды.

Спорт шарасына сегіз команда қатысып, шеберлік байқасты.

Тартысты ойын қорытындысы бойынша сәулет-құрылыс факультетінің спортшылары 2018 жылдың чемпиондары атанды. Металлургия, машина жасау және көлік құрамасынан жеңіліс тапқан физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің қатысушылары үшінші орынға ие болды.