«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында Тұңғыш Президент күніне орай партияға қабылдау салтанатты шарасы өтті.

Осы күні облыстық саяси құрылымның қатары 107 мүшемен толықты.

Жиналған қауым алдында облыс әкімі Болат бақауов сөз алып, мерекемен құттықтады.

- «Нұр Отан» партиясының құрылу тарихы Тұңғыш Президенттің есімімен тікелей байланысты. Мемлекет басшысының жетекшілігімен партия еліміздегі мықты саяси күшке айналды. «Нұротандықтардың басты мақсаты – көшбасшы екенін іс жүзінде дәлелдеп, ұлттық кодымызды сақтау мен қоғам өмірін жақсарту бағытында еңбек ету. Ортамыздың жастармен толығып жатқаны қуантады. Сіздерде мерекемен құттықтап, Отанымыздың дамуы жолында табысты еңбек тілеймін», - дейді Болат Бақауов.

Бүгін партия мүшесі атанғандардың қатарында ПМУ энергетикалық факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, PhD докторы Александр Нефтисов болды.

«Партияға өту – менің саналы шешімім. Бүгін партиялық билетті облыс әкімінің қолынан алдым. Мен үшін – бұл мәртебе», - дейді ол.

Салтанатты шара барысында «Үздік бастауыш партия ұйымы» аймақтық байқауының жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болды.  

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік униветситеті үшінші категория бойынша екінші орынға ие болды. Бүгінде ЖОО-да 500-ден астам партия мүшесі бар.

Айта кетейік, бүгінде партия құрамында бір миллионға жуық мүше бар, олардың 65 мыңы – Павлодар облысының тұрғындары.