С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің студенттік театры көрермендерінің назарына «Сердце мира глазами войны» атты жаңа спекталін ұсынды.

«Тысячу раз спокойной ночи» танымал фильмінің желісі бойынша қойлыған туындыны «Arcobaleno» студенттік театры сахналады.

Жас әртістердің айтуынша, аталмыш шығармаға таңдау жайдан жай түскен жоқ.

«Жақын Шығыс, Африка елдеріндегі лаңкестік әрекеттер әлемдік қауымдастықты алаңдатпай қоймады. Бұл қойылым арқылы тыныш өмірімізде орын алған жағдайлардың барлығы өзгеруі мүмкін екенін жеткізгіміз келді», - дейді Д. Әбуғалиева.

Театр труппасы мүшелерінің айтуынша, қойылымға дайындық қызықты әрі қиындықтарға толы болғанын айтты.

«Спектакльге психологиялық тұрғыдан дайындалу қиын болды. Қойылым барысында өзекті тақырыпты әр көрерменге жеткізу үшін ерекше формалар, ерекше сюжеттік тәсілдер мен қойылымдық әдістерді пайдалануға тырыстық», - дейді Диана.