20 қарашада С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Инклюзивті инновациялар концорциумдары» атты гранттық бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша семинар өтті. Шара әлеуметтік маңызы жоғары тұрақты инновациялық жобаларды енгізу мен оларды қаржыландыру мәселелеріне арналды.

ПМУ ғылым және инновация департаменті ұйымдастырған семинар ҚР Білім және ғылым министрлігінің мұрындық болуымен жүзеге асырылып жатқын «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Шара барысында «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы басқару жөнідегі топтың аға менеджері Дархан Сейітқазин бағдарламаның басым бағыттары, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, ақпараттық-инновациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы бағыттары туралы әңгімеледі.

Сонымен қатар, маман жобаларды іріктеу критерийлері, ерекшеліктері туралы айтып берді.

Еске сала кетсек, гранттық бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау 2018 жылдың 10 желтоқсанына дейін www.fpip.kz электронды порталы арқылы жүргізіледі.