С. Торайғыров атындағы ПМУ IT HUB департаментінің сарапшылары деректерді сақтау, өңдеу және резервтеу мәселелеріне арналған Oracle Cloud Roadshow конференциясына қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар IТ-инфрақұрылымның дамуын, бизнес-үдерістерді оңтайландыру саласындағы шешімдерді, инновациялық технологияларды пайдалану тәсілдерін және әлемдік ІТ-саладағы соңғы жаңалықтарды талқылады.

Бұдан басқа спикерлер жасанды интеллектті қолдану арқылы озық мониторингтің мүмкіндіктерін қарастырды.

«Oracle Cloud Roadshow конференциясында біз ең үздік сарапшыларымен кездестік, сонымен қатар әріптестерімізбен қарым-қатынас жасап, әр түрлі мәселелерді талқыладық. Oracle өкілі IT студенттеріне қол ұшын беруге дайын екендіктерін және болашақта жас мамандарды дайындау ісінде Қазақстанның ЖОО-ларымен серіктестікте қызмет етуге қызығушылық танытып отырғандықтарын хабарлады», – деді қашықтықтан оқыту және IT-promotion бөлімінің бастығы Ернар Қайырбаев.