Екібастұз қаласында грэпплингтен облыстық турнир мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде аймақтың және елорданың үздік спортшылары ба сқосты.

Павлодар облысының намысын С. Торайғыров атындағы ПМУ РЭжТ -101 тобының студенті Шыңғыс Жылқыбай қорғады. Спортшы 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынға ие болды.

Спортшы белдесу барысында әдіс-тәсілдерді шебер қолданып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Еске сала кетсек, Ш. Жылқыбай «BEK TEAM» Грэпплинг және Джиу-Джитсу Академиясы мен мемлекеттік университет жанындағы джиу-джитсу секциясында жаттығады. Ол - грэпплинг бойынша облыстық құрама команданың мүшесі.

Алдағы уақытта спортшы грэпплинг және грэпплинг ГИ бойынша өтетін ҚР-ның біріншілігіне қатыспақ.