2018 жылдың 18 қазанында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің стадионында шағын футбол бойынша ректор кубогінің жарысы аяқталды.

«Сұңқар» спортклубының төрағасы Жаудар Әблеев осы жолғы жарысқа қатысушылардың қарасы көп болғанын атап өтті.

«Спортшылар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар жеңіске жету үшін барын салды», - дейді Ж.Әблеев.

Ойын нәтижесінде гуманитарлық-педагогикалық факультеттің студенттері 2018 жылдың чемпиондары атанды. Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің құрама командасы университеттің әкімшілік-шаруашылық бөлімнің өкілдерін жеңіп, екінші орынға ие болды.

Командалар грамоталарман марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.