Павлодар мемлекеттік университетінде «ПМУ Кубогі» атты арнайы жоба өтті.

Салмақты әзіл айтып жарысқандардың қатарында алты құрама болды.

Жеңімпаздар дәстүрлі сәлемдесу, биатлон және фотоширату турларының қорытындысы бойынша анықталды.

Бірінші орынға Ақсу қаласының «Қазақпыз ғой» командасы ие болды. Екінші орын тұғырынан Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің жайдарманшылары көрінді. Педагогикалық колледждің «Қыздардың арманы» қола жүлдегер атанды.