С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова Семей мемлекеттік медициналық университетінің басшылығымен кездесті.

Жұмыс сапары барысында семейлік ЖОО-ның ректоры, мед.ғ.д. Ерсін Жүнісов Павлодар мемлекеттік университетінің білім берудегі қызметі, негізгі бағыттары мен кәсіпкерлік арқылы оқу үрдісін жүргізуімен танысты.

Қонақтар үшін танысу экскурсиясы ұйымдастырылды. Медициналық оқу орнының өкілдері стартап академия мен коворкинг орталықты аралады.

Қос тарап білім беру бағдарламалары, сонымен қатар ортақ ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру жөнінде келісімге келді.