Үндістан университетінің профессоры С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті математика ақпараттандыру кафедрасының студенттеріне дәріс оқып, бірқатар семинарлар мен кеңестер өткізеді.

Дая Кришан Лобиял – Джавахарлал Неру (Нью-Дели, Үндістан) зерттеу университетінің ақпараттық ғылымдар докторы, профессоры және компьютерлік, жүйелі ғылымдар факультетінің деканы.

Ғалымның Павлодар облысына сапары шетелдік мамандарды оқытушылық қызметке тарту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды.

Үндістандық ғалымның дәрістері 7 қазанға дейін жүргізіледі.