ҚР Президентінің «Бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру барысын бақылау жөніндегі республикалық Қоғамдық кеңестің төрағасы, сенатор Бақытжан Жұмағұлов және «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Фархад Қуанғанов Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді.

Павлодар облысында Бес әлеуметтік бастаманың жүзеге асыру барысы өңірдегі партия активінің жиынында жан-жақты талқыланды.

Республикалық кеңес мүшелері облыстағы кәсіпкерлік, білім беру нысандарын аралап, тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

Кеңес мүшелерінің С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен танысуы халықаралық стартап академияның жұмысынан басталды. Жоғары оқу орнының өкілдері іс жүзіндегі стаптап-жобаларын көрсетіп, бизнес пен ғылым үйлесім тапқанын жеткізді.

Меймандар «Дос-Мұқасан» тобының шығармашылығына арналған музейде болып, бірегей жәдігерлерді көрді.

Кездесу соңында Кеңес төрағасы Павлодар облысында Бес әлеуметтік бастама шеңберінде атқарылып жатқан істерге оң бағасын берді.