«Ұлы дала» этнофестивалінің екінші күні Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей елдері қонақтарының басын қосты.

Этноауылда ұйымдастырылған ауқымды бағдарлама меймандардың көңілінен шықты. Бұл жерде қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі, театрландырылған қойылымдар, мәнерлеп оқу байқаулары мен мерейтойлық шараларға арналған дәстүрлі әндер орындаушыларының байқауы өткізілді.

«Ұлы дала» фестивалі мерекелік концерт, Қырғыз елі садақшыларының шойы, сонымен қатар, парашютшілердің шашуымен тәмамдалды.