С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің математика және информатика кафедрасында ғылыми диссертацияларды ағылшын тілінде қорғау шарасы өтті.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор И. Павлюк жетекшілік ететін мемлекеттік аттестациялық комиссия мен төрағаның алдында магистрант Сәуле Каттабекова ғылыми еңбегін табысты қорғады.  

Жаңа формат іздеушілерге диссертацияны қорғау тілін таңдауға мүмкіндік береді.