С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қала көшелерін абаттандыру айлығында жеңімпаз атанды. Айлық үстіміздегі жылғы 2 сәуір – 2 мамыр аралығында өтті.

Профессорлық-оқытушылық құрам, жоғары оқу орнының қызметкерлері мен студенттері Карл Маркс көшесінен бастап, Қамзин көшесіне дейінгі аумақты қоқыстан тазартты. 

Шара аяқталған соң белсенді қала тұрғындарының еңбегі еленіп, ұйымдардың жауапкершілігіндегі таза аумақтар анықталды. 

Арнайы комиссия жүргізген мониторинг нәтижесі бойынша жеңімпаздар белгілі болды. Олардың қатарында С. Торайғыров атындағы ПМУ, №24 орта мектеп және Павлодар қалалық мәслихатының аппараты бар. 

Мекеме өкілдері Мойылды шипажайына жолдама алды.