С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өтті.

Университет ректоры, филос.ғ.к Гаухар Ахметова ардагерлер қауымын құттықтап, келер ұрпақтың Жеңістің қандай жолмен келгенін ұмытпауы керектігін тілге тиек етті. 

«Сіздердің өнегелі өмірлеріңіз – біз үшін үлгі. Сұрапыл соғыстағы ерліктеріңіз бен қайсалықтарыңыз үшін алғыс айтамыз. Сіздерге көңіл бөліп, әрдайым құрмет тұту – біздің міндет», - дейді Гаухар Ахметова. 

Мерекелік шара мол дастарханға ұласты. Қазыналы қариялар соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, салиқалы әңгіме өрбітті. 

Студенттік филармонияның өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарлама барысында соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Шығармашылық ұжымдар ұсынған соғыс жылдарының вальсі жиналғандардың көңілінен шықты.