Қазақстан халқы Бірлігі күнін таңнан бері Павлодар қаласының орталық алаңында тойлана бастады.

Қала қонақтары мен тұрғындарына Павлодар мемлекеттік университетінің студенттік филармониясы мен ұлттық-мәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының  мерекелік концерті ұсынылды. Келген азаматтардың барлығына көпұлтты Қазақ елінің мәдениеті паш етілді. 

Ашық аспан астындағы концерттік алаңға жиналған университет студенттері түрлі этностардың ұлттық билері мен әндерін орындады.