С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында этникалық мәдениет фестивалі және ұлттық дастархан жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Шараны өткізуге «Бірлік» студенттік асамблеясы мен  тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті мұрындық болды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің мақсаты – саналуан мәдениетімізді паш ету, өзге ұлттардың салт-дәстүрлері туралы айтып беру. Осы шара арқылы мультимәдениетті қоғамымызды көрсету. 

Осыған дәлел ретінде этномәдени бірлестіктердің белсенділері ұлттық билерден шашу шашты. Концерттік бағдарлама барысында фестивлаь қонақтары ұлттық дастарханнан дәм тату мүмкіндігіне ие болды.